1.10.2018, 12:17
Қараулар: 1062
Шағатай ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлер анықталды

Шағатай ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлер анықталды

Теректі аудандық Мәдениет үйінде Шағатай ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлер анықталып, олардың сайлауалды бағдарламалары тыңдалды.

Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев төрағалық еткен жиынға халық қалаулылары түгелдей қатысты. Әкімдікке үміткерлер —  қазіргі таңда Шағатай ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы О.Құсайынов, Ы,Алтынсарин атындағы ЖОББМ –нің технология пәні мұғалімі Б.Қаюпов және аудандық әкімдіктің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Е.Абуталиев өз бағдарламаларын аудандық мәслихат депуттаттарына ұсынып, сенімді өкілдері үміткерлер жайында өз пікірлерін білдірді.

Шағатай ауылдық округі әкімі 10  қазан күні анықталады.

 

Әділет ЗЕРЕ