27.08.2018, 12:59
Қараулар: 299
Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Менің қызым Койбағарова Гульнара бала кезінен мүгедек. Қасында үнемі ересек адамның жүргенін қажет етеді, қасындағы адамдармен  сөйлескенді жақсы көреді. Бірақ оны көп адамдар түсіне бермейді. Ал әлеуметтік қызметкер Хамсина Ардақтың жөні бір басқа.Ол бірінші күннен бастап қызымның жүрегіне жол тауып, сеніміне кіре алды. Гульнара Ардақпен емін-еркін сөйлеседі, үйдегі бар жаңалықты апайына бізден бұрын айтып қояды. Екеуі сенсорлық кабинетке бірге барып жұмыстанады. Ол жерде қызым құрастырмалы ойыншықтармен көп жұмыстанады. Велотренажермен жаттығады, теледидар мен интернеттен видеофильмдер көреді. Ардақ Шайдаллақызы Гульнараны мүгедектерге арналған әр түрлі шараларға, концерттерге көрермен ретінде үнемі қатыстырып отырады. Жаңа жыл, Наурыз сияқты мейрамдарда сыйлықсыз қалдырмайды. Бұл әрекетінің өзі әлеуметтік қызметкердің мейірімділігін, адамгершілігін, азматтық жауапкершілігін көрсетеді деп ойлаймын. Қызымыз Ардақты анасындай көріп, әр келуін асыға күтеді. Апайына кейде өзі шәй әзірлейді, жасаған салатын мақтанып көрсетеді, кішкентай бауырларын қалай бағатынын мақтанышпен жеткізеді. Ардақ Шайдоллақызының еңбегіне дән ризамыз, біз сияқты бала-шағасының қызығын көрсе екен дейміз.

 

Қойбағарова Нурзия, Гульнараның анасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар