27.08.2018, 12:56
Қараулар: 323
Бәрі де мүмкіндігі шектеулі жандар үшін !

Бәрі де мүмкіндігі шектеулі жандар үшін !

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Шағатай ауылында І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2011 жылдан бері арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келемін. Осы аралықта қамқорланушыларыммен тез тіл табысып, жақсы қарым – қатынаста болдым.

Көрсетілген қызметтер жөнінде толық тоқтала кететін болсам

 Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет. Қызмет алушыларды жеке бас тазалығына, өздігінен тамақтануға, өз-өзіне қызмет етуге бейімдеу жұмыстары жүргізілу нәтижесінде, қамқорланушыларым өз деңгейін меңгерді.

Әлеуметтік-медициналық қызмет. алғашқы медициналық көмектер көрсетіліп, дәрігерге мезгілімен тексерту жүргізіліп отырды.

Әлеуметтік-психологиялық қызмет. Әрбір қызмет алушыға психологиялық дем беріліп, әңгімелесу, тыңдау жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет. Оқытуға, жазуға, әр-түрлі әдеби кітаптарды  оқып, түсінгенін айтуға бейімдеу.

Әлеуметтік-мәдени қызмет. Шағатай ауылдық округіндегі сенсорлық бөлмеде шығармашылық жұмыстармен айналысып, туған күн иелерін құттықтау іс-шаралары болады. Мереке күндері  салтанатты іс-шаралар міндетті түрде өткізіледі. Мұражайға, мәдени орындарына апарып отырамын.

Әлеуметтік-экономикалық қызмет. Өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беріліп, мүгедектердің өміріндегі әлеуметтікэкономикалық мәселелер және оны шешудің жолдары қарастырылып шешімін тауып келеді.

Әлеуметтік-құқықтық қызмет. ҚР — заңы бойынша мүгедектердің  құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріліп, қажетіне қарай жеке кеңестер беріледі. Заңды маңызы бар құжаттарын рәсімдеуге  көмектесу; әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсетіледі.

Қазіргі Қазақстан қоғамында мүгедектерді әлеуметтік қорғау басты назардағы мәселенің бірі. Бұл қызметтің барлығы да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін!

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері   Хамсина Ардақ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар