30.07.2018, 12:24
Қараулар: 327
Шабындыққа шалғы түсті

Шабындыққа шалғы түсті

«Қыстың қамын жаз ойла» дейді қазақ. Шілденің шіліңгіріне қарамастан теректілік шаруалар техникасын сайлап, шалғыорағын қайрап шөп шабу науқанына кірісіп-ақ кетті

Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Гүлбаршын
Раисованың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда 85000 га жер шабылған, өнімділігі гектарына 4,6 ц-ді құрайды. Шабылған жерден 38700 тонна өнім алынған. Бұл орындалар жоспардың 31
пайызы. Шөп шабу науқанында 287 бірлік техника тынбай еңбек етуде. Аудан бойынша 123,5 тонна мал азығын дайындау жоспарлануда.

Шаған ауылдық округінде 9354 га , Шағатай ауылдық округінде 9000 га, Ақжайық ауылдық округінде 8500 га жер шабылып, жасалынған жұмыстар бойынша аталмыш округтер үздік үштікке еніп отыр.

Теректіде табиғи мал азығын дайындау науқаны толассыз жүріп жатыр. Ауа-райының ашық-жарық күндерін тиімді пайдаланып, пішен қорын сапалы күйінде жинап алуды көздеген механизаторлар шөп шабу мен үю арасындағы операцияларды үзіліссіз атқаруда.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар