16.07.2018, 11:09
Қараулар: 328
«Япурай» әнге салғанда….

«Япурай» әнге салғанда….

Облыстық деңгейдегі «Ел жүрегі-Астана» атты атты ардагерлер арасындағы ән байқауынан аудан намысын қорғаған «Япурай» әжелер ансамблі (жетекшісі Зәуреш Шатикова) жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Ансамбль мүшелері Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында іріктеу кезеңінен өтіп, әр ауданнан келген 15 ұжымның араснынан суырылып алға шықты. Сонымен қатар, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен гала-концертке жолдама алып, сахна төрінде М.Омаровтың «Арман қала», Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әндерін құйқылжытқан.

Қазылар алқасы  теректілік өнер ұжымын өте жоғары бағалап, сахна киімдеріне, дайындықтарына, әнді орындау шеберліктеріне оң баға берген. Ақ жаулықты аналарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізулері көңіл қуантпай қоймайды. Аудан абыройын арттырып, өнер додаларында қазақ әндерін өміршең етіп жүрген еңбектеріңіз еленсін дейміз!

 

Әділет ЗЕРЕ