4.07.2018, 11:50
Қараулар: 592
Домбыра – мол мұра

Домбыра – мол мұра

Аудандық  «Жасұлан» жазғы демалыс лагерінің тәрбиеленушілері Ұлттық домбыра күніне орай шағын концерт ұйымдастырды.

Подстепный  ауылында орналасқан лагерьге арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов мерекені көзбен көріп, құттықтау сөз сөйледі.  Аудан әкімі Кәрім Жақыповтың атынан өнерпаз өрендер – күйші қыз Орынай Сайлауоваға, домбыраның құлағында ойнаған әнші бала Мейрамбек Мейрамғалиға және «Мен – қазақпын» деп жігер берген бүлдіршін Санжар Серікқалиға ұлтымыздың асылы – үкілі домбыраны сыйға тартты.

Шара соңында лагерьде дос тауып, қызықты демалып жүрген балалар қосылып, «Атамекен» әнін шырқады.

 

Камелия ӨТЕУ