28.06.2018, 12:28
Қараулар: 214
Үй іргетасы қалануда

Үй іргетасы қалануда

Ақжайық ауылында үш қабатты, 24 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды. Құрылыс жұмысын «Алтим» серіктестігінің құрылысшылары жүргізуде.

Қазір мұнда үй құрылысының қажетті материалдары әкелініп, іргетасы қаланып жатыр. Учаскедегі осы жұмысты атқаруда серіктестіктің маман құрылысшылары арасында жергілікті адамдар да қамтылған.

-Бюджет есебінен салынып жатқан бұл үйден дипломмен ауылға келетін жас мамандарға, мұқтаж ардақты аналар, үй жағдайы нашар аз қамтылған жандарға пәтер берілетін болады,-дейді округ әкімі Болат Қадралиев.

М.Мерғалиұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар