28.06.2018, 12:22
Қараулар: 238
Нағыз қазақ – домбыра!

Нағыз қазақ – домбыра!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам – Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін болады.

Биыл бұл мерекенің тұсаукесері 1 шілдеге тура келіп отыр. Көмейінен күмбірлі күй төгілген қасиетті қазақ аспабы, міне, енді дәстүрлі түрде жыл сайын ұлттық деңгейде тойланбақшы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан айтулы домбыра думаны Астананың 20 жылдығына да үлкен тарту болады деп күтілуде.

Аудан көлемінде аталмыш мерекені лайықты деңгейде атап өту үшін дайындық жұмыстары басталып кетті. Түрлі акциялар, ауылдық округтерде концерттер, күй – тартыс және тағы да басқа шараларды ұйымдастыру жоспарда.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Суретте №2 саз мектебінің оқытушылары мен жас домбырашылар

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар