26.06.2018, 14:09
Қараулар: 499
Өзгеге өмір сыйла

Өзгеге өмір сыйла

Ағымдағы жылы  мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына  20 жыл толды. Осы айтулы датаға орай «20 игі іс» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Акция аясында аудандағы мемлекеттік қызметкерлер қан тапсырды.  

Қан –тіршіліктің тірегі. Донордың берген қаны екінші бір адамның өмірін сақтап қалуға сеп болады. Мұны әр адамның азаматтық парызы – деп білетін мемлекеттік қызметкерлер донор болып, сауапты іс жасауға қашанда әзір екендіктерін айтады. Әрі қан тапсырудың денсаулыққа да тигізер пайдасы орасан.

Мемлекеттік қызметкерлер алдымен арнайы сауалнаманы толтырып, толыққанды дәрігерлік тексерістен өтіп, содан соң өзгенің өмірін сақтауға себепкер болуға ұмтылды.

Әділет ЗЕРЕ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар