19.06.2018, 15:35
Қараулар: 751
Қызықты додалар ортасы

Қызықты додалар ортасы

Ауданда алғаш рет Елбасымыз қолдау көрсеткен «Сенің басқа қырың» челлендждын насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында шағын футболдан Теректі ауданы лигасының ашылу салтанаты өтті.

«Іс үшін-За дело» жастар қоғамдық бірлестігі мен  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырып жатқан лиганың басты мақсаты — жастарды шағын футболмен шұғылдануға тарта отырып, бос уақытын тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады. Жарысқа қатысуға ниет білдірген командалар қатарында Аңқаты, Ақсуат, Ақсоғым, Бозай, Магистральный, Новопавлов, Покатилов, Подстепный,Шаған, Шалқар, Жайық ауылдарынан, сонымен бірге  «Подстепное жастары», «Рух», «Реал», «Теректі», «Теректі жастары» командалары барлығы 16 команда болды. Шараны аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов ашып берсе, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Ибраев алғашқы ойынның «Үздік ойыншысын» марапаттады. Аудандық мәдениет үйінің әншісі С.Изделеев спорттық шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй тілеп, ән шашуын тарту етті. Аудандық лиганың ойын тәртібімен жарыстың бас төрешісі А.Даужанов таныстырды. Салауатты өмір салтын ұстанған спортшыларымызға асқақ рух пен күш-жігер тілей отырып, әр аптада өтетін жарыс кезеңдерінде жанкүйерлеріңіз көп болсын дейміз.

 

Нұрлан ЖАСҰЛАНОВ

«Іс үшін-За дело» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы