1.06.2018, 17:10
Қараулар: 1543
«Бәйтерек» балғындарға демалыс сыйлайды

«Бәйтерек» балғындарға демалыс сыйлайды

Федоров қазақ ЖОББМ-де 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәйтерек» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты болып өтті.

Мектепішілік лагерь атауы Елордамыздың  20 жылдық мерей тойына байланысты «Бәйтерек» деп алынған болатын. Лагердің ашылу салтанатында мектеп директоры Г.Құрматова және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Т.Ниетқалиев сөз сөйлеп, балғындарға жақсы демалыстың жақсы өтуін тіледі. Одан кейін оқушылар  өздері дайындаған өнерлерін көрсетіп, шараның сәнін келтірді. Ұлттық спорт дәріптелген шарада оқушылар өздерінің спорттық қырларымен танылып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Лагердің ашылу салтанатына қонақ ретінде Жайық негізгі мектебінің оқушылары қатысқанын атап өткен жөн.

 

Мирас Абуғалиев,

 Федоров қазақ ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары