29.05.2018, 15:26
Қараулар: 874
Хабарлама

Хабарлама

2018 жылдың  10 мамыры күні  Приречное  ауылдық  округіне  қарасты Приречное  ауылында округ  әкімі  Мейрамбек  Жаксыбековтың  төрағалығымен  қоғамдастық  жиналысы  өткізілді.

Жиналыста қаралған мәселе –  Приречное  ауылындағы  көшелер атауын өзгерту.

Ауылда 10  көше бар. Олардың  атауын өзгерту, яғни заманға, елдігімізге сай атаулар қою жөнінде округ бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Богданова, ауыл тұрғындары Р.Давлетов, Р.Щиенко, П.Кондратюк, Т.Кунбаков, М.Әзіберген, Ж.Латыева, С.Темиргалиева өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Пікірталастан соң өзгеретін көше атаулары дауыс беру арқылы  анықталды. Жиналыс қорытындысында қоғамдастық ауылдағы  Молодежная көшесі — Шанырақ көшесі, Пушкин көшесі — Нұрлы  көшесі, Фурманов көшесі — Ақберен көшесі, Целинная көшесі — Достық көшесі, 30 лет Целины көшесі – Көкпар көшесі, Космонавтов көшесі — Азаттық көшесі, Амангельды көшесі — Құлагер көшесі, 40 лет Победы көшесі — Бесік көшесі, Строительная көшесі — Тұмар  көшесі, Набережная көшесі — Хан Тәңірі көшесі атауына өзгертілсін деген шешімге келді. Сонымен қатар, мекен-жай  тіркелімінде  көшелер атауы өзгерітілсін  деген шешім қабылданып, хаттамамен бекітілді.

Нақты шешім қабылдану  үшін тиісті  құжаттар мен деректер жинақталып, облыстық  ономастиқалық комиссия қарауында  жолданады.

 

Р.Байгасиева,

Приречное ауылдық  округі 

әкімі  аппаратының  бас маманы