28.05.2018, 12:21
Қараулар: 1130
Көше атауы өзгереді

Көше атауы өзгереді

2018 жылдың мамыр айының 21 күні Новопавловка селолық округіне қарасты Новопавловка ауылында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 138 Қаулысымен бекітілген «Әкімшілік — аумақтық» бірліктерге, елді – мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, сондай- ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы оздырылды. Жиналысқа барлығы 59 адам қатысты Жиналыстың күн тәртібі бойынша ауылдық округтің 1 көшесінің (Целинная) атауларын өзгерту мәселелері қаралды. Көше атауын өзгертуді қолдап дауыс бергендер саны – 59 адам, қарсы болғандар 0 адам. Жиналыс қорытындысы бойынша Целинная-Бірлік көшесі болып өзгертіліп, нақты шешім қабылдау үшін ономастикалық комиссия қарауына жолданды.