10.11.2017, 2:44
Қараулар: 524
Байқау жарияланды

Байқау жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасын іске асыруда.

Жобаны іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы карикатуралар салу арқылы халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мен құқықтық мәдениетін жоғарылату, Қазақстан Республикасында іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, осы проблемаға жастардың назарын аудару және қоғамда осы дертке «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған.

Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсын өткізеді. Конкурсты өткізу ережесімен «Нұр Отан» партиясының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы сайттарында (nurotan.kz). танысуға болады.

Конкурсқа жұмысын тапсырам деген талапкерлер үшін байланыс телефоны: 8-7112-24-26-26.

Іске сәт, жерлестер!