19.09.2017, 17:45
Қараулар: 500
Діни ахуал назарда

Діни ахуал назарда

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Тұрақтылық кепілі — қауіпсіздік» жобасын жүзеге асыру бойынша облыстық жұмыс тобының отырысы болды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов жүргізді.

Қазіргі таңда бүкіл әлемдік деңгейде үлкен проблемаға айналып отырған мәселелердің бірі- діни экстремизм және тероризм сияқты құбылыстар екендігі ақиқат. Елімізде дәстүрлі емес діни ағымдармен күрес жалғасуда, дегенмен,  діни ахуал түбегейлі жақсарды деу ерте.

Осы орайда облыстық жұмыс тобының ауданға жасаған екі күндік сапарының маңызы бар. Жиында БҚО Дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов сөз алып, жоғарыда аталған жобаны жүзеге асыру аясында ақпараттық түсініктеме берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов еліміздегі, соның ішінде облысымыздағы дін мәселесінің өзекті екендігін айтып өтті. Басқосу барысында оқушылардың мектепке орамал тағып келу жағдайы, екпеден діни сенімді  сылтауратып бас тартқандардың көбеюі де сөз болды.

Одан соң ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусайнова таныстырған  екі күндік жұмыс кестесіне сәйкес, жұмыс тобы Федоров, Покатилов, Ақсуат, Подстепный, Социализм ауылдарында болады.

Жиын аяқталсымен БҚО Дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Жоламан Сәрсембі Федоров №1ЖОББМ-де  боп, оқушылармен кездесті. Кездесуде дәстүрлі емес діни ағымдардың жетігінде кетіп, опық жеген жандардың өмірін баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.

Ал, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов ішкі істер қызметкерлерімен тілдесті. Осындай кездесулер Федоров қазақ ЖОББМ ғимаратында және Достық үйінде өрбіді. Жұмыс тобы ата-аналармен, медицина саласы қызметкерлерімен  әңгіме өрбітті.

 

 

 

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ