1.07.2017, 16:36
Қараулар: 3941
Теректі ауданына жаңа әкім тағайындалды

Теректі ауданына жаңа әкім тағайындалды

 Облыс әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданы  активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін Зеленов ауданын басқарып келген Кәрім Жақыпов Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен аудан  әкімі болып тағайындалды.

— Теректі аудандық мәслихат депутаттары мен аудан ардагерлерімен бірлесе Мемлекет басшысының қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауда, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолында табысты жұмыс тілеймін. Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру. «Нұрлы жол» және «Нұрлы Жер» бағдарламаларын және салалық бағдарламалар бойынша қойылған міндеттерді сапалы орындау, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалау- Сіздердің алдыңызға қойылған міндет. Осы   істерді жұзеге асыруда еңбектеріңізге жеміс тілеймін,- деді облыс әкімі.

Жақыпов Кәрім Каримоллаұлы 1976 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық университетін оқымысты-агроном мамандығы бойынша, 2001 жылы Басқару және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 – 1999 ж.ж. – Желаев комбинаты инженер – лаборант.

1999 ж — «Тұлпар» ЖШС директорының орынбасары.

1999 – 2000 ж.ж. – «»Аксайгазпромэнерго», контракт бойынша менеджер.

2000 – 2001 ж.ж. – «РенкоКат» ЖШС менеджері.

2001 – 2002ж.ж. – «Стройинвестплюс» ЖШС директорының орынбасары.

2002 – 2009ж.ж. – «Стройинвестплюс» ЖШС директоры.

2009 – 2011ж.ж. – Теректі ауданы әкімінің орынбасары.

2011 – 2013ж.ж. – Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап Зеленов ауданының әкімі болды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар