17.03.2017, 12:13
Қараулар: 314
Жүрегі – болат, жаны — қыл

Жүрегі – болат, жаны — қыл

  Наурыздың 12 жұлдызында Орал қаласындағы «СитиЦентр» сауда үйіндегі «Казанова» мейрамханасында «Арнау Батыс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Б. Арыстанғалиеваның ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған теректілік аналар арасында «АруАна-2017» конкурсы өткізілді.


Осы қонкурста ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, үйден арнаулы әлеуметтік көмек алып отырған балалардың аналары да бой көрсетті

       Мүмкіндігі шектеулі перзентін тәрбиелеп, бағып-қағып отырған қамкөңіл аналардың көңілін көтерген бұл шарада  Подстепный селолық округінің тұрғыны Н.Булатова бас жүлде — «АруАна-2017»  атағына ие болды.

Жүрегі – болат, жаны — қылдай арулар өздерінің жан-жақты, қоғамның белсенді мүшесі екенін көрсетті. Сөйтіп,  «Мама модель»  аталымын А.Джангожаева иеленді. А. Ахметова — «Бронзовая леди», А.Галиева  —  «Өнерлі ана», А.Джумагазиева «Көрермен көзайымы», Р. Кожесова — «Сүйкімді ана» атанды. Сымбатты  А.Чувилёва «Мама Грация», күміс көмей   А.Тлеупова «Серебрянный голос», шебер З.Адешова «Волшебная хозяика», жанары шуақ шашқан А.Гусманова «Золотое сердце» деп танылды.

       Кембағал сәбиін мәпелеп, әр күніне үміт пен сенім артқан аналардың бәріне де бағалы сыйлықтар тарту етіліп, алғыс хаттармен марапатталды.

.

                     

Альбина Дощанова,

үйден арнаулы әлеуметтік көмек

көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар