22.02.2017, 18:45
Қараулар: 269
Қауіпсіздік айлығы аясында

Қауіпсіздік айлығы аясында

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің қатысуымен «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.


Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 41-бабы,  6-тармағына сәйкес, адамдардың қаза болуына жол бермеу, сондай-ақ,  облыс аумағында тұрғын үй секторында өрттің жағдайын тұрақтандыру мақсатында жылыту маусымында, 2017 жылғы 23 қаңтардан 23 ақпанға дейінгі кезеңде Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды.

ТЖ бөлімінің және ауданның өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы тұрғын үйлерде аулааралық шолулар жүргізуде. Тұрғындарға пеш жабдықтарының құрылғысы мен қолдану, электр жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі, газбаллондық жабдықтарды қауіпсіз қолдану бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, ұсыныстар мен жадынамалар таратылуда.

Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Көбінесе, үй иелері, олардың көршілері немесе балалары оттың құрбаны болып болып жатады.

Аудандық ТҮКШ ЖК және АЖБ қызметкерлерінен жеке және көппәтерлі тұрғын үй иелеріне ертерек, әсіресе жаз кезеңінде пештерде жөндеу жүргізу, мұржаларды тазарту, тартқышы мен жарықшақтарды тексеру, газды плиталар мен су жылытқыштарына техникалық тексеріс жүргізу үшін мамандарды шақырту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде ықпал көрсетуі сұралды.

 

 

            Б.Нығметжанов,

Теректі ауданының ТЖБ

ТЖ хабарлайды

Басқа да мақалалар