20.05.2016, 10:36
Қараулар: 707
Жол қақтығысы азайса…

Жол қақтығысы азайса…

Мамырдың 18 жұлдызында аудандық Достық үйінде «Жолда азаматтарды қабылдау» республикалық акциясына орай жиын өтті.

Шараны  облыстық Ішкі істер Департаменті ЖПҚ жол қозғалысын бақылауды ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция майоры Руслан Дүйсеғалиев,  ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезов, ІІД Жергілікті полиция басқармасының инспекторы, полиция капитаны Динара Абдукаликова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гауһар Шайхиниязова ұйымдастырды.

Аталмыш жиынға Федоров селолық округінің әкімі Максим Энгелов және мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Акция аясында Руслан Дүйсеғалиев пен Гауһар Шайхиниязова тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылап, сауалнамалар жүргізіп, жиын соңында азаматтарды жеке қабылдады.

ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Мәкәрімұлы тұрғындарға облысымыз бен аудандарымызда орын алған жол апаты оқиғаларынан бейнеролик арқылы үзінді көрсетті. Сонымен қатар азаматтардың жол жүрісін ұйымдастыру, жүргізушілерді даярлау сапасы, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде бірқатар мәселелерді талқыға салып, тұрғындарға ескертті. Ұйымдастырушылардың әрқайсысы елімізде жиі орын алатын жол қақтығысы жөнінде пікірлерін білдіріп, ой бөлісті. Қатысушыларға жолда жүру ережелері туралы жазылған шағын кітапшалар мен күнтізбелер үлестірілді.

Акция соңында облыстық ІІД ЖПҚ жол қозғалысын бақылауды ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция майоры Руслан Қабдолжанұлы ауыл тұрғыны Николай Локтионовты «Үздік жүргізуші» номинациясымен марапаттады.

 Күлімхан Махметқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар