17.12.2015, 11:23
Қараулар: 498
Жаңа мүмкіндік

Жаңа мүмкіндік

Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында талай қиын белестерден өткеніміз барша дүйім жұртқа мәлім. Біз үшін бұл мерекенің тарихымыздан алар орыны да ерекше.

 Тәуелсіздік тұғыры биікке көтерілгелі, елімізді әлемдік жаһандану деңгейіне жеткізіп, халықтың игілігі үшін аянбай тер төгіп жатырған Елбасымызға алғысымыз шексіз.

Осы күнге дейін Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында, яғни жыл сайынғы халыққа жариялайтын Жолдауы еліміздің дамуына едәуір септігін тигізуде. Биылғы Жолдау да күрделі заманда экономиканы әлсіретпей, халықтың жағдайын одан сайын жақсартуға негізделген.

Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Елбасымыз әлемде болып жатқан құбылыстарға қарамастан, әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырмақшы. Яғни 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда 28 пайызға, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 және әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялады. Алдағы уақытта мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуына сәйкес төленетін жәрдемақы 25%-ға өсіп, зейнетақы да еселенбек. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде мұқтаждарға әрқашан көмек көрсету керектігін, әділетті боп, адал қызмет атқаруды айтты.

Бәріміз болашақта жұмыла жұмыс істеп, еліміздің көркеюіне, әрі дамуына үлес қосуымыз керек. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 Арайлым ТАСЕНОВА,
ауданды
қ жұмыспен қамту және әлеуметтік
ба
ғдарламалар бөлімі басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар